Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 2020 жылдың 27 шілдесінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің 2020 жылдың 26 маусымындағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Жаңа ережеге сәйкес, қазақстандықтар жабық нысандармен бірге көшеде және көлікте маска тағып жүруге міндеттелді.

Қаулыда көрсетілгендай, азаматтар мына жағдайларда маска тағуға міндеттеледі:

  • жабық нысандарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйымдар мен басқа жерлерде), сонымен бірге көлікте және көшеде жүргенде;
  • COVID-19 ауруы бойынша күдікті адамға көмектескенде;
  • коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, жөтел немесе түшкіру);

Қаулының бұл бөлігі міндетті түрде орындалуы керек. Талап сақталмаған жағдайда кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір