• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:58:30
+35°

Алматы көшесінде жүріп бара жатқан қоғамдық көлік

31 шілде мен 2 тамыз аралығында Алматы қаласында қоғамдық көлік жүрмейтін болды. Бұл туралы Алматы көлік холдингі хабарлады. 

"Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес мереке және демалыс күндері (31 шілде, 1-2 тамыз) Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің, сондай-ақ метрополитеннің жұмысы тоқтатылатынын еске саламыз" делінген көлік холдингінің телеграмдағы ақпараттық хабарламасында.

Коронавирус ахуалына байланысты Алматыда бұған дейін де бірнеше рет қоғамдық көліктің жүруі шектелген. Бұған қоса, жолаушыларға қоғамдық көлікте маска тағу міндеттелген. 

Алматы коронавиус жұқтырғандар саны жөнінен өңірлер арасында бірінші орында тұр. Соңғы ресми ақпаратқа сәйкес, қалада 11 мыңнан астам адамнан Covid-19 инфекциясы табылған. Осы уақытқа дейін олардың 7 мыңы жазылды, 111 адам вирустан қайтыс болды. 



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір