• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:36:22
Алматы
+35°

Қазақстанда алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар бағасы 9,5%-ға қымбаттады, деп хабарлады energyprom.kz. 

Маусым айында зергерлік бұйымдар өндірісі 62,6 млн теңгені құрады. Ал мамыр айында бұл көрсеткіш 55,5 млн теңге болды.

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда зергерлерлік бұйымдар өндірісінің көлемі 434,7 млн теңгені құрады (нақты өсім бір жылда 32,1%). Өткен жылы жалпы өндіріс көлемі 742 млн теңгеден асқан болатын.

2020 жылғы маусым айында елдің ірі қалалары мен мегаполистеріндегі алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың орташа бағасы бір грамм үшін 18,3 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 9,5% көп.

Сары металдан жасалған ең қымбат зергерлік бұйымдар Нұр-Сұлтан, Ақтау мен Атырау қалаларында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір