30 Шілде, 2020 NEWS

Ақтауда педофил болуы мүмкін делінген күдікті ұсталды (видео)

qamshy.kz

Ақтауда куәгерлер педофил болуы мүмкін делінген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Inaktau.kz хабарлады.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 29 шілде күні күндіз болған. Күдіктіге қатысты Қазақстанның қылмыстық кодексінің 1-бөлігі 124-бабы "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

– 29 шілдеде шамамен сағат 13:00-де Ақтау қаласының полиция басқармасына шағым келіп түсті. Онда белгісіз ер адамның балалар алаңқайында ойнап жүрген баланы алып кеткені айтылған. Ер адам баланы үйдің кіреберісіне кіргізіп, зорлық-зомбылық жасамақ болған. Оқиға орнына полиция наряды шығып, күдікті ұсталды, – деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Куәгерлердің айтуынша, ер адамның іс-әрекетін көріп, көршілері оны қорқытқан. Күдікті қашуға тырысқанымен, қыздың көршісі оны қуып жетіп, полиция келгенше ұстап тұрған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір