• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:18:17
Алматы
+35°

Карантиннің тағы екі аптаға ұзартылуына байланысты тамыз айында қазақстандықтарға 42 500 теңге берілуі мүмкін бе? Бұл сұраққа орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жауап берді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

– Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік комиссияға карантин мерзімін ұзарту мәселесін қарау туралы тапсырма жүктелген болатын. Таяуда өтетін мемлекеттік комиссияның отырысында бірқатар міндет қаралып, оның ішінде халық пен экономиканы қолдау мәселесі де пысықталады. Бұл мәселе сол себепті мемлекеттік комиссияның отырысынан кейін белгілі болады, – деді Руслан Дәленов.

Шілде айында 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданған. Төлем 2 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 981 мың қазақстандыққа аударылған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 42500 теңге Карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір