• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:04:21
Алматы
+35°
Шығыс Қазақстан облысындағы 2020 жылғы 1 шілдедегі  ақпарат бойынша, өңірде 56 688 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде 51093 ересектер (1 топтағы мүгедектер саны - 5406, екінші топтағы мүгедектер саны – 23699, үшінші топтағы мүгедектер саны – 21988). Сонымен қатар 5595 бала бар. Оның ішінде 16 жасқа толмаған 5017 мүгедек бала, 16-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жандар саны 1578 (бірінші топ – 83, екінші топ – 102, үшінші топ – 323 бала тіркелген) құрайды. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг  барысында еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама саласының орынбасары м.а Ғалия Сабырбаева мәлім етті.
 
- Шілде айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 268 бұйрығы қабылданды. Соған сәйкес мүгедектік мерзімін 3 айға ұзарту автоматты түрде жүргізілуде. Бүгінгі күні аталған механизм бойынш ШҚО-да 2324 азаматтың мүгедектігі ұзартылды. Бұл шара мемлекеттік мекемелерде адамдардың жаппай жиналмауы мен коронавирустың кеңінен таралмауына жол бермеу мақсатында ұйымдастырылуда, - деді Ғалия Сабырбаева.
 
Елімізде мүгедектерді куәландыру карантин шаралары аяқталғанға дейін электронды үкімет порталында жүргізіледі.  Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін, сондай-ақ жеке оңалту іс-шараларының бағдарламасын автоматты түрде ұзарту, қайта куәландыру мерзімі шектеу шараларына сәйкес келген жағдайда, яғни 12 мамыр мен 31 шілде аралығындағы уақытқа сәйкес келген жағдайда мүгедектік топ 3 ай созылады. Егер мүгедектік алғаш рет белгіленген болса, ол азамат электронды үкімет порталына кіріп өтініш бере алады. Сонымен қатар 16 және 18 жасқа толған мүгедек балаларға қатысты сырттай куәландыру қарастырылған.  Брифингке қатысқан Ғалия Сабырбаева осылай деді.
 
ШҚО ақпарат орталығы
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір