• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:37:09
Алматы
+35°
SpaceX және Tesla компаниясының бас атқарушы директоры Илон Масктың қызықты ойлары мен сөздері
 
"PowerfulJR" арнасына берген сұхбатында Илон Масктың айтқан сөздері:
 
Жасанды интеллект жайында: 
 
Мен өзге ғаламшарлықпын... Мен жасанды интеллектті баяулату мен реттеу маңызды екеніне адамдарды сендіруге тырыстым. Алайда ешкім тыңдамады. Реттеу ережелері өте баяу пайда болады. Жаңа технологиялар өлім-жітім, апаттар тудырған соң барып, өкініштер болады, тексерістер болады, сосын барып оны зерттейтіндер, ереже жасайтындар, реттеу ережелері пайда болады. Бұл өте көп жылдарды қажет етеді. Мысалы, автокөлік ережелеріне қарасаңыз, қауіпсіздік белдігін тағуды талап етуге қанша уақыт кетті? Сіз білесіз бе, автомобиль өнеркәсібі қауіпсіздік белдіктері туралы айтысты, меніңше, он жылдан астам уақыт. Ақыр соңында, көптеген адамдар қайтыс болғаннан кейін, реттеушілер қауіпсіздік белдіктерін талап етті. Ал бұл уақытты жасанды интеллектпен салыстыруға келмейді. Егер жасанды интеллекттің қауіпті бола бастаған кезінен есептесең, оған он жыл да кетпейді. Өте кеш... сол заман келе жатыр... Бір нәрсе анық, біз оларды бақылай алмаймыз... Мен Барак Обамаға сол (жасанды интеллект) үшін ғана кезіктім... Мен конгресске бардым, елу штаттың барлық губернаторларымен кезіктім. Тек жасанды интеллекттің қаупі туралы айттым. Ешкім мұның қайда кетіп бара жатқанын сезбеді.
 
Симуляция тақырыбы жайында: 
 
Бұл (өмір) симулияция болуы мүмкін. Симулияция үшін аргумент, менің ойымша, өте күшті өйткені егер сіз 1%, 0,1% үнемі даму болады деп болжаңсаңыз және уақыт аралығын ұзартсаңыз, оны мың жыл, миллион жылға ұзартыңыз. Әлемнің жасы 13,8 миллиард жыл. Өркениетті дәуірді кеңірек есептесек, алғашқы жазба пайда болғаннан бастасақ, ол 7000 немесе 8000 жыл. Бұл ештеңе емес. Шынымен ештеңе емес. Сонымен, егер сіз қандай да бір даму қарқынын болжасаңыз, онда (компьютерлік) ойындар шындықтан ажыратылмайтындай болады немесе өркениет аяқталады. Сол екі жағдайдың бірі болады. Сондықтан біз, мүмкін, симулияциядамыз.
 
Журналистің "Сіз "көп әлем" теориясын жақтаушысыз ба? Сіз көптеген ғаламдардың бар екеніне сенесіз бе, тіпті егер олар қазірдің өзінде жаңадан басталып жатқанына және олардың шексіз саны бар екеніне, олар үнемі тоқтаусыз циклде туылуы мен өлуі болатынына сенебіз бе?" деген сұрағына жауабы: 
 
Меніңше, мүмкін. Бұл тек ықтималдық туралы. Көптеген симулияция болуы мүмкін. Бұл симулияцияларды біз шындық деп те атасақ та болады немесе оларды әр түрлі әлем деп атасақ та болады.
 
"Сіз сенетін бұл симулияциялар біреудің жасағаны ма?" деген сауалға ойлары:
 
Олар (симулияциялрады жасағандар) базалық шындқыта(субстратта). Бұл субстрат, мүмкін, қызықсыз.
Ойын немесе фильм сияқты симулияция жасаған кезде, бұл өмірге қызықты нәрсені көрсетеміз. Білесіз бе, экшн-фильм түсіруге бір жыл қажет. Содан кейін, екі-үш сағат ішінде көрсетеді. Сонымен, айтайын, егер сіз экшн-фильм түсіріліп жатқанын көрген болсаңыз, ол іш пыстырады, өте зерігішті. Өте көп түсірілімдер болады. Бәрі жасыл экранда. Бұл өте қызықсыз сезіледі. Керемет көрінбейді. Бірақ компьютерлік суреттер дайын болғаннан кейін және үлкен редакциялау жасағаннан кейін, бәрі таңқаларлық болады.
Меніңше, егер біз симулияция болсақ, симуляциядан тыстағы дүние өте қызықсыз, себебі сіз неге симуляцияны қызықсыз етіп жасайсыз? Сіз симулияцияны базалық шындықтан гөрі қызықты етіп жасайсыз.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір