• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:12:40
Алматы
+35°

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Облыс әкімінің орынбасарлары, департамент, басқарма басшылары, селекторлық режимде қала, аудан әкімдері қатысты. Аймақ басшысы алдымен Үкімет отырысында көтерілген мәселелердің Ақтөбе өңірінде жүзеге асырылуын пысықтады. Облыста пневмониядан емделіп шыққандар саны артқан. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. qamshy.kz

2020 жылдың 1-ші жарты жылдығында өңірде ҚР бойынша бағаның ең төмен өсуі байқалып, инфляция 103,3% құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша 107,8% Азық-түлік емес тауарлар 102,6%, ақылы қызметтер бойынша 98,1%. Статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес өткен аптамен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар, картоп 18%, басты пияз 3%, өсімдік майы 0,2% және тауық еті 3,8% бағасы төмендеген. Дегенмен, өндірушілердің босату бағасының өзгеруіне байланысты азық-түлік өнімдерінің бағасы 7,9%-ға қымбаттаған. Бидай бағасының өсуіне байланысты ұн тарту кәсіпорны «Жаңа-Альджан ұн комбинаты» ұн бағасын 1 маусымнан бастап 13%-ға қымбаттатқан. Облыс әкімі бағаны негізсіз өсіргендерге шара қолданбаған Ақтөбе облысының бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті басшылығының дәрменсіздігін сынға алды.
«Ең маңызды саналатын азық-түлік бағасы неге қадағаланбайды? Және бағаны өсірудің алдын-алу үшін қажетті шараларды қабылдамай әлсіздік көрсетіп отырсыздар. Осы мәселе бойынша тиісті жұмыстар жасалсын»,-деді Оңдасын Оразалин.
Ақтөбе қаласы және облыс аудандары әкімдіктерінің күнделікті мониторингіне сәйкес ағымдағы жылдың 30 маусымынан 24 шілдесіне дейінгі аралықта Шалқар ауданында 11 позицияда, Қобда – 8, Ойыл және Хромтау- 7, Ақтөбе қ, Алға және Байғанин аудандарында 6 позициядан баға жоғарылаған.
Өңірде әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің 15 түрі өндіріледі. 2020 жылдың 20 шілдесінде Ақтөбе қаласында бағаны тұрақтандыру мақсатында ұсақ көтерме сауда орталығы ашылды. Қалада 1-қыркүйекке дейін мұндай орталық санын 20 ға жеткізу көзделген. Аймақ басшысы аудан әкімдеріне «Ақтөбе» ӘКК-мен бірлесіп, облыс аудандарында осындай орталықтарды ашу мәселесін пысықтау қажеттігін айтты.
Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет БАҚ және әлеуметтік желілермен жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндай келе, Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру, тұрғындармен жан-жақты кері байланыс орнату жұмыстарын одан әрі жандандыру қажеттігін атап өтті. qamshy.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір