28 Шілде, 2020 NEWS

Трамптың қайта сайлануы Қытайға пайдалы – Шетелдік сарапшылар

Getty

Шетелдік сарапшылар Трамптың АҚШ-қа екінші рет президент болуы Қытайға пайдалы екенін мәлімдеді. Бұл туралы Bloomberg және CNBC басылымдарында,ы халықаралық сарапшылардың пікірінде айтылды.

– Трамп әкімшілігінің іс-әрекеті салдарынан АҚШ саясаткерлерінің түрлі топтарға бөлінуі және Трамп әкімшілігіне деген халықаралық деңгейдегі теріс көзқарастар Бейжіңге артықшылық береді, – дейді Stratfor стратегиялық талдау институтының аға вице-президенті Роджер Бейкер. 

Оның айтуынша, Бейжіңнің америкалықтардың ортақ келісілген саясатқа ұйысуынан және Қытайды шектейтін ортақ келісілген халықаралық саясаттан қорқады.

– Егер Джо Байден сайланса, менің ойымша, бұл Қытай үшін қауіпті болуы мүмкін, өйткені ол Қытайды нысанаға алу үшін одақтастармен жұмыс істейді, ал Трамп АҚШ одақтарын жойып жібереді, – дейді Қытайдың бұрынғы сауда келіссөзшісі және Женевадағы Қытайдың бұрынғы өкілінің орынбасары Чжоу Сяоминг.

Bloomberg-тың жазуынша, Қытайдың өзге төрт шенеунігі де Трамптың жеңісі Вашингтонды тіпті де әлсіретіп, Бейжіңге жақсылық әкелетініне сенеді.

"Трамптың келесі төрт жылдық президенттігі де дау-дамайға толы болса, Қытайдың Шығыс Азияда және әлемде ықпалын кеңейтуіне мүмкіндік береді" дейді CNBC басылымы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір