28 Шілде, 2020 NEWS

Қоғам қайраткерлері оқыған кітаптарын тікелей эфирде бөліседі

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі бастаған акцияға Nur Otan партиясы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары мен блогерлер қолдау көрсетуде, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

"Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі карантин уақытында "Қолымдағы кітап" акциясын бастады. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында кітап оқу мәдениеті насихатталатын болады. Қатысушылар карантин уақытында өздері оқып жатқан кітапты таныстырады. Сондай-ақ өздерінің сүйікті авторларын, шығармаларын бөліседі.

Акция барысында кітапқұмар блогер және қоғам қайраткерлерімен тікелей эфирлер, онлайн сұхбаттар ұйымдастырылады.

Онлайн іс-шараның тұсаукесері блогер Айнұр Бұлақбаймен өткізілді. Тікелей эфир барысында ол кітап оқуды қалай әдетке айналдыру, жылдам оқу техникасының құпияларын бөлісті. Эфир барысында көрермендер өз сұрақтарына жауап алды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір