• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:06:10
Алматы
+35°

"Қамшы" порталына Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Байқадам ауылының Едіге Радолда есімді тұрғыны ауылдарында ұялы байланыс пен интернет мүлде жоқ екенін, соның салдарынан онлайн оқуға дайын еместігін жазып хат жолдады. Сөзінше, пандемия басталған кезде ауылдағы оқушылар мен студенттер интернеттің жоқтығынан қатты зардап шеккен. Оқырман мәселені қағазға сызып, Байқадам ауылының ұялы байланыс бар екі ауылдың ортасында тұрғанын көрсеткен. Едіге Радолда хатының толық нұсқасы төменде ұсынылып отыр.

Мәселенің қағаздағы сызбасы

Оқу жылы жақындап қалды. Бірінші тоқсанды балалар қашықтан оқытуға жұмсайтыны белгілі. Ауылдағы мектеп оқушыларының оқуға деген талпынысы зор, бірақ үй тапсырмасын орындап мұғалімдеріне жіберу үшін балалар шатырға көтеріліп ​​ұялы байланысы бар жерді іздеуге мәжбүр.

Балаларды қашықтықтан оқыту үшін тұрақты және сапалы интернетпен қамтамасыз ету керек. Қарағанды қаласынан небәрі 20 шақырым жерде орналасқан ауылды ұялы байланыс немесе интернетпен қамтамасыз ете алмай отырған аудан мен облыс басшыларына үлкен сын болуға тиіс.

Қарағанды ​​облысының білім басқармасы бұл мәселе олардың бақылауында екеніне және жақын арада шешілетінін жылдар бойы айтып келеді, бірақ әлі өзгеріс жоқ.

Интернеттің жоқтығы университет/колледждерде оқитын студенттерге де ауыр тиіп тұр. Олардың кейбірі амалсыздан қаладан пәтер жалдап, сол жерде интернетпен оқуға мәжбүр. Ауыл тұрғындары амалсыздан үйлеріне 20-60 мың теңгеге ұялы байланыс күшейткішін сатып алып, орнатқан еді. Бірақ одан күткендей нәтиже болмады. Ұялы байланыс пен интернеттің жоқтығынан күзде ауыл мектебі балаларды мектепте оқытуды жоспарлап, қазір мұғалімдер соған орай жұмыс жасап жатыр екен. Қалаға барып-келіп жұмыс істейтін ата-аналар бар. Олар қаладан вирус жұқтырып алу қаупі бар. Күзде вирустың екінші толқыны өршитін шағында мектепке бару вирустың таралуын өршітіп жіберуі ғажап емес.

Ауылға мұнара қойып, осы мәселенің алдын алуға болатын сияқты ғой, бірақ олар (жауапты лауазым иелері – ред.) басқаша ойлап, жағдайды қиындатып жіберетіні өкінішті-ақ.

P.S. Қарағанды облысының білім беру басқармасы ауылдағы мәселеден хабардар. Ол жердегілер Байқадам ауылында желілік байланыстың жоқтығын мойындап отыр. Мәселені шешу үшін интернет жүргізетін провайдерге елдімекенді интернетпен қамтамасыз ету туралы талап қойып, хат жолданған. Басқармадағылар мәселені бақылап отыратындарына сендіруде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір