28 Шілде, 2020 NEWS

Елордада жедел жәрдем шақырту 3 есеге азайды

Көрнекі сурет

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы денсаулық сақтау ұйымдарына түскен салмақ едәуір азайғанын мәлім етті.

– Қазіргі күні қалада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны – 10 320 адам. Жалпы 7260 адам немесе 70%-і жазылып шықты. Ал соңғы бір апта ішінде олардың саны 1563-ті құрады. Яғни науқастардың шамамен 25%-і өткен аптада сауықты. 225 азамат қайтыс болды. 1511 адам стационарларда ем алып жатыр. Ауыр халдегі науқастар саны 54,3%-ке азайды, – деді Алтай Көлгінов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша президенттің тапсырмасына сәйкес, үкіметтің қолдауымен бірқатар шара қабылданған. Осының нәтижесінде карантин енгізілген сәттен бастап КВИ бойынша жағдайдың нақты тұрақтануы байқалады.

Алтай Көлгінов денсаулық сақтау ұйымдарына түскен салмақ едәуір азайғанын атап өтті. Атап айтқанда:

– жедел жәрдемге жүгіну саны тәулігіне 4300-ден 1600-ге дейін, яғни 3 есеге төмендеді;

– КВИ бойынша жедел жәрдемге жүгіну 500-ден 89-ға дейін, яғни 6 есеге азайды;

– жалпы шақырулар саны тәулігіне 3 мыңнан 1000-ға дейін, немесе 3 есеге төмендеді;

– пневмониямен жатқан азаматтар саны 2 есеге азайды (1348 ден – 633 ға дейін);

– стационарлардың жүктемесі 99%-тен 38%-ке дейін төмендеді;

– егер бұрын тәулігіне ауруханаға 500-ге жуық пациент түсетін болса, қазір 90-ға дейін азайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір