• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:32:30
Алматы
+35°

Емдеу орындарында өкпенің қабынуымен ауырған науқастар қатары 2 есеге азайды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

Қала әкімі маусым айында науқастар санының өскенін айтты.

«Жыл басынан бері қарай өкпе қабынуына ұшыраған 6175 науқас жазылып шықты. Егер осы дерт шарықтап тұрған кезде емдеу орындарына 300 науқас түссе, қазір олардың саны – 133», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

«Мен ірі әрі көпбейінді ауруханалардың бас дәрігерлерімен күнделікті сөйлесіп отырамын және қанша адамның емделіп жатқанын, ауруханалардағы жағдай туралы хабардар боламын. Мысалы, ауру шарықтап тұрған кезде 7-ші клиникаға 100 науқасқа дейін түсетін, соңғы кездері емделуге жатқызылатындар саны 15-20 адам. 4-ші клиникада да, ЖМЖА-да, 1-ші клиникада да науқастар саны күрт азайған. Яғни, өкпе қабынуына ұшыраған науқастарды емдеу орындарына жатқызу 2 есеге төмендеді», — деп хабарлады қала әкімі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір