23 Шілде, 2020 NEWS

Б. Сағынтаев: басты басымдық – COVID-19 бен күрес, қалған барлық шығындар қысқарады

24rus.ru

COVID-19 бен күрес, қалған барлық шығындар қысқарады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасында өткен Akimat Live бағдарламасының тікелей эфиріндегі сұрақтарға жауап беру кезінде айтты.

Қала әкімі бірінші кезекте коронавирусқа қарсы күрес екенін атап өтті. Осыған байланысты бюджеттің барлық басым емес шығындары қысқарып, қаражат ковидке қарсы шараларға бағытталады.

Оның айтуынша, бұрын жоспарланған құрылыс жобаларын келесі жылға қалдыруға болады.

«Пандемия басталғаннан кейін біз бірден барлығын (пандемиямен күреске қатысы жоқ жобаларды) тоқтаттық. Келесі жылға дейін пандемия созылмайды деп үміттенеміз. Келесі жылы жеңіл болады және біз жоспарланған құрылыс жобаларын қайта жандандырамыз», — деді әкім.

Сондай-ақ ол спорттық-мәдени іс-шаралар тоқтатылғанын атап өтті.
Жалпы, коронавируспен күреске (ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап) шамамен 60 млрд тг бөлінді, оның ішінде Үкімет тарапынан 11,5 млрд тг бөлінді. Бұл қаражат мынадай шараларды іске асыруға бағытталды: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру; жеке қорғаныс құралдарын сатып алу; кіреберістерді, аула аумақтарын және көшелерді дезинфекциялау және т. б.

Сонымен қатар, осы жылдың 16 шілдесінде мәслихат ағымдағы жылдың қалалық бюджетін нақтылау туралы қаулы қабылдады, оның аясында КВИ-мен күресуге 30 миллиардтан астам теңге бөлінді. Оның ішінде ковидті госпитальдарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру және резервтік қорлар құруға және фармацевтикалық компанияларға пайызсыз кредит беруге бағытталған. Сондай-ақ «Халық Арена» базасында жұмыс істеп тұрған және құрылып жатқан ковидты стационарлар, ОҚКА реанимациясы, клиникалық-диагностикалық зертхана және жұқпалы аурулар ауруханасы үшін медициналық жабдықтар сатып алуға қаражат бөлінді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір