20 Шілде, 2020 NEWS

Алматыда карантин 20 шілдеден бастап күшейтілді

Ашық дереккөз

Алматыда 20 шілдеден бастап карантин күшейтілді. Бүгін Электронды үкімет порталында Алматы қалалық бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты.

Қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин нің қаулысына сәйкес Алматы қаласының аумағында 2020 жылдың 20 шілдесі сағат 00.00-ден бастап қатаң шектеу шаралары енгізіледі.

Қалааралық автобус тасымалы тоқтатылады. Қала маңына қатынайтын автобустағы жолаушы саны 50%-дан аспауы тиіс. Қалалық қоғамдық көліктің, оның ішінде Метрополитеннің 50%-дан аспайтын толтырылуымен жұмысын қамтамасыз ету жүктелген.

Сенбі және жексенбі күндері қаладағы қоғамдық көлік, қала маңына қатынайтын автобус, метрополитен жұмысы толық тоқтатылады.

Қоғамдық көлік әрбір рейс сайын дезинфекция жасау қамтамасыз етілуі тиіс. Төмендегі шараларға тыйым салынады:

  • меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда жиналыс, кеңес, конференция, форум, семинар, съезд, көрме, тренинг, оқыту курсы және адам көп жиналатын басқа да іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу т.б.), соның ішінде үйде және далада адам көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • мәдениет объектілер, мұражайлар, театр, көрме және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салынады;
  • діни нысандар (мешіт, шіркеу, синагога және т. б.) қызметін тоқтатылады; 
  • балалар лагері, білім беру орталықтары, балалардың түзету кабинеттері, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтардан басқа), балалардың қосымша оқыту орындарының қызметіне тыйым салынады; 
  • Ұлттық олимпиадалық комитет аккредиттеген спорт базаларын санамағанда, барлық спорт нысагдарының (спорт алаңы, кешен, үйірме, секция, бассейн және т. б.) қызметіне тыйым салынады; 
  • қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйым мен кәсіпорын қызметкерлерінің тұратын объектісін қоспағанда, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, халықтың (қонақ үй, демалыс үйі, туристік база және т.б.) тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдардың қызметіне рұқсат беру. Осы нысандарды медициналық ұйым етіп қайта бейіндеуге жол беріледі;
  • 65 жастан асқан адамдардың қозғалысын шектеледі; 
  • көліктің кез келген түрімен ұлттық саябақтардың, танымал туристік және тау нысандарының (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан, оның ішінде радон бұлағы) аумағына баруға тыйым салынған. Демалыс күндері (сенбі және жексенбі) ұлттық саябақ жабық. Жаяу серуендеуге тек жұмыс күндері келесі ережелерді сақтай отырып рұқсат етіледі: тамақ (сусыннан басқа) алып өтуге, пикник жасауға және от жағуға үзілді-кесілді тыйым салынады; парктің аумағында үш адамнан астам топтануға тыйым салынған. Әлеуметтік қашықтық, санитариялық талапты сақтау.
  • 3 адамнан аспайтын жеке немесе бір отбасы мүшелерін қоспағанда, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтанып баруға тыйым салынған; 
  • сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және жазғы террассалары мен жеке кіретін есігі бар стационарлық тамақтану объектілерінен басқалардың қызметіне тыйым салынады;
  • ойын-сауық мекемелерінің (караоке, кальян, бильярд, компьютер клубы, букмекерлік кеңсе, түнгі клуб, боулинг, аттракцион, балалардың ойын алаңдары, батут және басқалар), кинотеатрлар қызметіне тыйым салынған;
  • фудкорттар, банкет залдарының қызметіне тыйым салынады;
  • күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, ашық ауада 30 отыратын орыннан аспайтын қоғамдық тамақтану объектісінің қызметіне рұқсат берілген, жұмысы сағат 22.00-ге дейін шектеледі. Тағамды алып кетуге және жеткізуге рұқсат етіледі;
  • косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін СПА-орталықтардың, тренажер залының, фитнес-орталықтың, спорттық-сауықтыру орталығының, бассейн, жағажайдың, аквапарк, қоғамдық моншаның, саунаның, сұлулық салонының, шаштараз, маникюр мен педикюр қызметінің, массаж кабинетінің қызметіне тыйым салынады;
  • жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары жұмыс істемейді;
  • жеткізуді қоспағанда, ауданы 500 шаршы метрден үлкен азық-түлік емес дүкендердің қызметіне тыйым салынған.

Төмендегі қызмет ұйымдарына рұқсат беріледі:

  • ҚР Ұлттық банкінің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеулі Қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беру; 
  • қызметкерлердің кемінде 50%-ын қашықтан жұмыс режиміне ауыстыра отырып және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, онлайн форматта барынша қызмет көрсете отырып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін ұйымдастыру;
  • күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, онлайн режимде көрсетілмейтін қызметтер үшін жұмыс күндері сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, «Қазпошта» АҚ жұмысын ұйымдастыру;
  • үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі; күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;
  • күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу, химиялық тазалау және басқалар) қызметін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін шектеу;
  • жұмыс және демалыс күнінің кестесін белгілей отырып, бизнес орталықтардың (сақтандыру компаниялары, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері және т. б.), айырбастау пунктінің, ломбардтың жұмысын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін ұйымдастыру;
  • аймақтау талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазба бойынша) қызметіне рұқсат беру;
  • күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) қызметіне рұқсат беру.
  • техникалық және медициналық оттегін өндірушілер қалалық ауруханаларды үздіксіз медициналық оттегімен жабдықтауда бірінші кезекте және басымдықты қамтамасыз етсін.
  • кемінде 80% қызметкерін қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру (штат бірлігінде қызметкері 30-дан асатын болса);
  • әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау, аймақтарға бөлу талаптарын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша қызметтер көрсету;
  • ашық ауада жеке жаттығуларға рұқсат;
  • өңірлер арасында жеке автокөліктің жүріп-тұруына рұқсат беру. Қала тұрғындарына жұмыс және қоғамдық орындарда (сауда объектілері, көше, саябақ, әуежай және т. б.), қоғамдық көлікте маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет; Туған күн, мерейтой, той секілді көп адам шақырылатын кез келген шараны өткізуге тыйым салынады.

Осы қаулы 21 шілдеде 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

 

Ілмек сөздер: Алматы карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір