• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:30:12
+35°

Футбол маманы Халимжан Ержанов 57 жасына қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы "Тобыл" футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

"Тоқсаныншы жылдардың соңында Халимжан Сағидоллаұлы "Тобылдың" ел чемпионатына қайта оралуы үшін үлкен жұмыс атқарды. Рас, біздің команданың көптеген табыстары осы кісінің есімімен тығыз байланысты, оның ішінде біріншіліктің жалғыз алтыны бар. Соңғы жылдары Халимжан Ержанов "Орталық" стадионында лауазымды қызметтер атқарды" делінген хабарламада.

Халимжан Ержанов көптеген жыл бойы "Тобыл" клубының басшылығында жұмыс істеді – бас директор, директор және клуб президенті қызметін атқарды. Сондай-ақ ол павлодарлық "Ертіс" пен "Астанадағы" жұмысымен де танымал. Одан бөлек, Ержанов Ұлттық футбол лигасының жетекшісі болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір