26 Шілде, 2020 Барлық аймақтар
Көрнекі сурет
Лиссабондағы Молекулярлық медицина институтының ғалымдар тобы коронавирустың бөлшектерін бейтараптандыратын қорғаныс маскасын жасады. Бұл туралы La Razon жазды.
Бұл маска бірнеше су өткізбейтін қабат пен арнайы жабындысы бар матадан жасалған.
– Маскада SARS-CoV-2 вирусын матамен байланысқан кезде залалсыздандыратын инновациялық жабын бар, – деп түсіндірді вирусолог Педро Симас.
Сондай-ақ ол масканы 50 рет жуғанның өзінде вирусқа қарсы қасиетін сақтайтынын атап өтті.
Сынақтан өткізу кезінде зерттеушілер масканы коронавирус молекулалары бар ерітіндіге батырған. Артынша вирустың 99%-ы бір сағаттан кейін қасиеттерін жоғалтқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір