• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:35:50
Алматы
+35°

Колумбия округіндегі Джордж Вашингтон университетінің ғалымдары коронавирусты жылдам анықтайтын миниатюралық құрылғыны ойлап тапты. Бұл туралы MedicalXpress хабарлады.

Аталмыш құрылғы алтын қабатымен жабылған. Ол заттарға газ тәрізді күйде реакция жасап, ол тарататын сәуленің түсін өзгерте алады.

Сонымен бірге жасанды интеллект детектордың реакциясын талдап, науқастың қанында қандай зат бар екенін анықтайды.

Құрылғының бетіне коронавирусқа сезімтал реагент жағылады. Вирустың бөлшектері детекторға тигенде, ол жарығын өзгертеді. Оны телефон камерасы арқылы көруге болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус COVID-19

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір