26 Шілде, 2020 Саясат

Әкімдер рейтингі. Қамшы сауалнамасының қорытындысы

Фото: Qamshy.kz

Қамшы порталы жүргізген "Әкімде де әкім бар. Халыққа жақын кімің бар?" сауалнамасының қорытындысы шықты.

Оған сәйкес, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов сауалнама қатысушыларының 27,8 пайыз (6471) даусын жинап, рейтингте көш бастады.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 20,1 пайыз (4669) дауыспен екінші сатыға жайғасса, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов 14,6 пайыз (3393) дауысқа қол жеткізді.

Сауалнама нәтижесінде түзілген әкімдер рейтингінің толық тізімі төменде ұсынылған.

♦ Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев – 8.4% (1955)

♦ Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев – 6.6% (1533)

♦ Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова – 4.9% (1135)

♦ Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин – 4% (942)

♦ Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев – 3.7% (853)

♦ Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов – 3.1% (724)

♦ Алматы облысының әкімі Амандық Баталов – 1.3% (300)

♦ Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев – 1.3% (293)

♦ Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов – 1% (234)

♦ Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов – 1% (223)

♦ Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов – 0.8% (177)

♦ Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев – 0.6% (139)

♦ Солтүстік Қазақстан облысы Құмар Ақсақалов – 0.5% (123)

♦ Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек – 0.4% (94)

Бұған дейін Қамшы жүргізген "Үкімет таратылса, қай шенеуніктің қызметінде қалғанын қолдайсыз?" сауалнамасында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 58 994 дауыс жинап, рейтингте бірінші орын алған.

2-орынға 5,4 пайызбен (4059 дауыс) индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, 3-орынға 3,1 пайызбен (2344) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жайғасты.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушы Бағдат Мусин 2,9 пайызбен (2157) 4-орын алса, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2,2 пайызбен (1659) бестікті қорытындылады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір