• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:26:08
Алматы
+35°

Шымкентте жоғалған 3 жасар баланы полицейлер іздеп тапты. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. 

Сайттың жазуынша, Шымкент қаласы полиция департаментінің "102" жедел басқару орталығына Абай ауданы Гагарин көшесінің тұрғыны үш жасар баланың жоғалғаны жайлы арызданған. 

Арыз түсе сала, қалалық полиция қызметі басқармасының Н.Мақұлбеков, А.Ахметов атты қызметкерлері жоғалған баланы іздеуге кіріскен. Нәтижесінде үш жасар бала "Шымқала" тойханасынын маңынан табылған. Шұғыл әрекет еткен полицейлер баланы анасы табыстады.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір