• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:51:11
Алматы
+35°

Қазақстанда құрбан айт күндері мешіттер ашылмайды. Бұл туралы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Оның айтуынша, биыл құрбан айт мерекесі ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Пандемия кезінде мешіттер ашылмайды. Сол себепті 31 шілде күні құрбан айт намазы мешіттерде оқылмайды.

– Діни басқарма ел мұсылмандарының өтінішін ескере отырып, биыл алғаш рет құрбан айт қарсаңында халықаралық тәжірибеге сүйеніп, қашықтан құрбан шалу жобасын қолға алды. Осы мақсатта qurban2020.kz сайтын бүгін толықтай іске қостық. Ал құрбандық шалуға онлайн тапсырыс 30 шілдеге дейін қабылданады. Кез келген азамат онлайн түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алады, – деді бас мүфти брифингте.

Мемлекет тарапынан онлайн құрбан шалу орындары ашылған. Кез келген азамат онлайн түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алады. Елдің бас мүфтиі діни рәсім жергілікті әкімдік пен санитар дәрігерлердің рұқсатымен, тәртіп сақшыларының қадағалауымен карантин талаптарын қатаң түрде сақтай отырып орындалатынын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір