• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:32:31
Алматы
+35°

Атырау облысы Еркіндала ауылында итті тоңазытқыштың есігіне қылқындырған ер адамға қатысты қайтадан қылмыстық іс қозғалатын болды. Бұл туралы заңгер Жангелді Сүлейменов Facebook парақшасында жазды.

Заңгер "итке зиян келмеді" деп істің тоқтатылғанына қарсы болып, 3 шілдеде бас прокуратураға шағымданған. Қылмыстық істі тоқтатпай, істің мән-жайын қайта қарауды сұраған.

– Бүгін істі тоқтатпау жөнінде хат келді. Жауыз ер адамға қатысты қылмыстық іс қайта басталды. Бұл жолы тиісті жазасын алады деп үміттенемін, – деп жазды Жангелді Сүлейменов желідегі парақшасында.

31 мамыр күні Атырау облысы Еркіндала ауылының тұрғыны Жұматаев Марғұлан мас күйінде итті тоңазытқыштың есігіне қылқындырған болатын.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір