24 Шілде, 2020 NEWS

Коронавирус: Қазақстан дүниежүзінде тағы бір саты жоғарылады

Көрнекі сурет

Өткен тәулікте 1687 адамынан коронавирус табылған соң Қазақстан COVID-19 жұқтырғандар саны жөнінен әлем елдерінің арасында бір саты жоғарылап, 28-орынға жайғасты. Соңғы ақпаратқа сай, елде вирус жұқтырғандар саны 78 мыңнан асты. 

Статистикада Қазақстаннан бір саты жоғары тұрған Швецияда да, бір саты төмен тұрған Эквадорда да жұқтырғандар саны шамалас – 78 мыңның үстінде. 

Жұқтырғандар саны жөнінен де, өлім бойынша да АҚШ көш бастап тұр. Елде осы уақытқа дейін 4,2 миллионға жуық адамнан коронавирус анықталып, олардың 147 мыңнан астамы көз жұмған. 

Коронавирусқа байланысты әлем елдерінің статистикасын жариялап отыратын Worldometers.info сайтының 24 шілде таңертеңгі дерегі бойынша, дүниежүзінде 15,7 миллионға жуық адамға COVID-19 жұққан. Осы уақытқа дейін олардың 636 мыңнан астамы көз жұмған.

Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір