• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:12:56
Алматы
+35°

"Соңғы жылдары Қытай 5G және кванттық шифрлау технологиясы жағынан Батыс елдерінен асып кетті" дейді Уолл-стирт Джорнэл. Басылымның жазуынша, енді Бейжің ғарыш саласынан да алға шығуы мүмкін. 

Қытай бүгін Марсқа ғарыш зымыранын сәтті ұшырды. Америка бірнеше миссия арқылы Қызыл ғаламшарға жіберген құрылғыларды Бейжің бір жолда аттандырған.

Уолл-стирт Джорнэлдың ақпаратынша, Бейжің ғарыш саласында өте керемет табыстарға қол жеткізуде. 2018 жылдан бері Қытай мемлекеті дүниежүзі бойынша ең көп зымыран ұшырған. Ғарыштық бағдарламаларға қаржы бөлу жағынан да әлем бойынша екінші ірі ел.

Ғарыш саласының тәуелсіз сарапшысы Намрата Госвами екі елдің ғарыштық бағдарламаларына салыстара талдау жасағанда, Қытайдың бұл саладағы кейбір артықшылықтары АҚШ-тан да асып кететінін мәлімдеді.

Бейжің коммунистік партияның тұрақты басқаруында болғандықтан, олар он жылға жалғасатын бағдарламаларды жасай алады.

Оның айтуынша, бір партиялы тұрақты Қытай билігі ғарыш бағдарламасы үшін ұзақмезімді, өзгермейтін жоспар жасай алады. Мысалы, Бейжің 2036 жылға дейін Айда мәңгілік база құрмақ.

Ал NASA, АҚШ конгресі және басқа ғарыш қауымдастықтары "күшімізді Айға қайта бағыттаймыз ба?" деп ондаған жылдар бойы пікірталас жүргізіп қана келеді.

Сарапшының айтуынша, Құрама Штаттардағы проблема-әкімшіліктер ауысқан сайын мақсаттар өзгере береді. Барак Обама "біз Айға енді бармаймыз" десе, Трамп келіп "біз Айға барамыз, сосын Марсқа жетеміз" деп жариялаған.

"Америкалықтар пікір таластырып жатқанда, Қытай үлкен табыстарға жетіп жатты" дейді басылым. Бейжің өткен жылы роботты барлаушыны Айдың арғы бетіне қондырды. Ал мұны оған дейін ешқандай мемлекет жасай алмаған.

Дегенмен Құрама Штаттардың артықшылығы- NASA мен кейбір ғарыштық компаниялардың серіктестігі. NASA ғарышкерлер және туристерді орбитаға жіберу үшін ірі компаниялармен миллиардтаған долларлық келімшарт жасаған. "Бізде зымырандарды жақсы көретін байлар бар" деген АҚШ президенті Дональд Трамп SpaceX сияқты жекелік компаниялармен бірге ғарышты игеруді қолдайды.

"Бірақ соңғы жылдары Қытай 5G және кванттық шифрлау технологиясы жағынан Батыс елдерінен асып кетті" дейді Уолл-стирт Джорнал. Бұл технологиялар Қытайдың ғарыш саласындағы дамуын жеделдетеді. 

2026 жылға дейін Марстан топырақ пен тау жыныстарының үлгілерін алып келу үшін NASA еуропалық ғарыш агенттігімен серіктес болған.

Алайда Қытай барлығын жалғыз өзі істеп жатыр. Басылымның жазуынша, бұл Бейжіңнің өз талғамы емес. NASA Қытаймен ешқашан жұмыс істемеген, оған себеп, Америка ұлттық қауіпсіздік мәселесінен алаңдайды.

Вашингтон тіпті Қытай ғарышкерлерінің Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) қосылуына тыйым салған әрі "Қақпажолы бағдарламасына" (Айды айналатын ғарыш станциясы) Бейжіңнің мүше болуына рұқсат бермеген. 

Сол себепті Қытай өзінің Марс миссиясын тәуелсіз түрде жасап жатыр. Бұл 2028 жылға дейін жүзеге асады деп болжануда. 

"Егер АҚШ Бейжіңді ғарыштық серіктестіктен шектесе, Қытай ғарыш бағдарламасын дербес түрде дамытады. Бұл кемшілікті артықшылыққа айналдырады" дейді тәуелсіз сарапшы Намрата Госвами.

Ал ғарышты бағындыруға талас қатты күшейгенін мойындағын АҚШ вице-президенті Майк Пенс "Біз қазір ғарыштық бәсекедеміз. Бұл бәсеке 1960 жылдардағымен бірдей, тіпті одан да ауыр бәсеке" деп мәлімдеген. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ ғарыш

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір