• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:59:18
Алматы
+35°

"Қашқын зерттеуші Сан-Францискодағы консулдықта жасырынып жүр" деп жазды BBC. Бұл туралы Қамшы тілшісі хабарлайды.

АҚШ "визалық алаяқтық жасады және әскери байланыстарды жасырды" деп күдіктенген қытай ғалымы Сан-Францискодағы Қытай консулдығына қашып тығылғанын мәлімдеді.

АҚШ прокурорларының сотқа берген мәліметтері бойынша, Америкадағы басқа қытай зерттеушілері визалық алаяқтығы үшін қамауға алынды.

Сәрсенбіде Трамп әкімшілігі Қытайдың Хьюстондағы консулдығын 72 сағат ішінде жабуға бұйрық берген. "Олар зияткерлік меншікті ұрлауға қатысты" деп жарияланған.

Қытай үкіметі бұл қадамды "саяси арандатушылық" деп атады.

Бірақ президент Дональд Трамп Қытай консулдықтарының көбін жабуға бұйрық беретіні "әрқашан мүмкін" екенін мәлімдеді.

Біраз уақыттан бері АҚШ пен Қытай арасында шиеленіс күшейе түсті. Президент Дональд Трамптың әкімшілігі Бейжіңді сауда және коронавирустық пандемияға қатысты бірнеше рет айыптаған, сондай-ақ Қытай Гонконгқа қауіпсіздік туралы даулы жаңа заң қабылдады.

Ал, Трамп Қытайдың Шыңжаң провинциясындағы этникалық қазақтар мен ұйғырлардың қысымға ұшырауына қатысы бар 50-ге жуық қытайлық компанияға санкция салды.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Қытай тығылды

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір