• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:21:03
Алматы
+35°

"1962-1979 жылдардағы қырғи-қабақ соғыс кезінде ядролық шабуылдар үш күннің ішінде 335 миллион адамның өмірін қиятын еді" делінген АҚШ-тың "Жоғарғы құпия" әскери құжатында. Бұл туралы France24news хабарлады.

"SIOP-62" деп аталатын құжатта немесе "Бірыңғай интеграцияланған жұмыс жоспарында" АҚШ-тың 1961 жылы Берлин дағдарысы кезінде ядролық соғыс жағдайында не істейтіні айтылған.

Бұл дағдарыс Германияның астанасы Берлин мәртебесіне қатысты Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы қайшылық кезінде болған.

"SIOP-62" құжатында мұндай қайшылық қайталанса не болатыны көрсетілген. Сондай-ақ Кеңес Одағына, Қытайға және басқа елдерге Құрама Штаттар толыққанды ядролық шабуыл жасаса не болатыны болжанған. Құжаттың Мемлекеттік мүдделер жөніндегі америкалық журналдың халықаралық сараптамасына сәйкес, ядролық шабуылдан 335 миллион адам қайтыс болады.

Құжат АҚШ-тың шабуылын екі түрге бөлген. Біреуі – "Дабыл күштері". Ол бойынша, кейбір ядролық қарулар арқылы Кеңес Одағы мен оның одақтастарына соққы беру жоспарланған. Екіншісі, "Толық күш" деп аталған. Бұл түрдегі шабуылда Америка барлық ядролық арсеналдарын қолданбақ болған.

"SIOP құжаты" бойынша, "Дабыл күштері" деп аталатын соққы беру жоспарына сәйкес, Кеңес одағының 199 қаласы ядролық зардаптың әсеріне ұшырайды және басқа қалаларды да "өлімге" әкеледі. Салдарынан бүкіл қоғамның құлауын тудырады.

Қытай үшін "Дабыл күштерінің" шабуылы 49 қалаға әсер етуі мүмкін.

"Ал, Шығыс Еуропада тек әскери нысандарға соққы беріледі, дегенмен, Вашингтонның шабуылдарынан 1 млн 378 мың адам көз жұмуы ықтимал еді" дейді басылым.

Алайда сандар толық шабуыл сценарийінде айтарлықтай өзгереді. Құжатқа сәйкес, толық күш шабуылы 295 қалаға әсер етуі мүмкін.

Бұл 108 миллион адамның өмірін қиып, Шығыс Еуропадағы құрбан болғандардың саны төрт миллионнан асады.

Бейжің мұндай ақпараттарды жоққа шығарғанымен, біраз уақыттан бері шиеленістер жалғасып келеді.

Қытай сондай-ақ коронавирустық пандемиямен күресу туралы сынға ұшырауда. Сыншылар елді ашықтық жоқтығын айтып айыптайды, кейбіреулер "Бейжің өтемақы үшін жауап беруі керек" деген пікірде.

Ал "Уолл-стрит Джорнэл" сәуірде "Қытай Орталық Азияға жақын маңда ядролық сынақ жасаған болуы мүмкін" деп мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ ядролық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір