• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:38:57
Алматы
+35°

Жас ғалым, химик Жексен Тоқтарбай Қамшы тілшісіне KFC компаниясы енді "болашақтың рестораны" бастамасымен лабораторияда өндірілген жасанды еттерді қолданысқа енгізгелі жатқанын айтты.

Оның сөзінше, жасанды ет тауықтың жасушалары арқылы лабораторияда жасалып, ары қарай 3D биопринтердің көмегімен нагеттерге (сүйексіз ет) айналдырылады. Осылайша, KFC компаниясы әлемде бірінші болып тауықтың жасанды еттерін қолданысқа енгізбек.

– АҚШ-ның тағам өндіретін әйгілі компаниясы жасанды ет өндіретін жер ретінде Мәскеуді таңдапты. Олар 2013 жылы құрылған Ресейдегі ең үлкен медицина компаниясымен бірлесіп, 3D ерітінділі-биопринтер көмегімен лабораторияда жасалған етті тауықтың нагеттеріне айналдырып, таратпақшы. Ресейлік компания KFC-ден үлкен тапсырыс алғанына қуанып кетсе керек, "жасанды тауық еті 2020 жылдың күзінде-ақ KFC ресторандарында пайда болады" деп уәде беріп отыр. Биопринтер компаниясының басшысы кәсіпкер – Юсуф Қесуани, –  дейді ол.

Ғалымның айтуынша, KFC-дің Ресей және ТМД елдері бойынша директоры Райса Полякова жасанды ет жасауда озық технология қолданылатынын айтқан.

Химик жасанды ет жасаудың қажеттілігін былай деп түсіндірді.

– Әлемді билеушілер жер шары, экологияны басты орынға қояды. Өйткені жер шары олардың ұрпақтары үшін өмір сүруге қажет. Зерттеулер көрсеткендей төрт түлік мал әлемдік жылынуға әкеліп соғатын газды таратудан 4-орында тұрады екен. Ал газ шығаратын жануарлар етінің орнына жасанды ет пайдаланылса, әлемдік жылынуға әкелетін газ 96 пайызға дейін төмендейді. Жер 99 пайызға аз пайдаланылып, су 96 пайызға үнемделеді. Бірақ жасанды еттің әзірге денсаулыққа әсері толық зерттелген жоқ. Мүмкін зерттеуге тыйым салынатын да шығар, – деп атап өтті Жексен Тоқтарбай.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: KFC жасанды ет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір