22 Шілде, 2020 NEWS

Чикагода атыс болып, 63 адам оққа ұшқан

CNN

Сейсенбі күні Чикагода жерлеу рәсімінде атыс болып, он төрт адам ауруханаға түсті, деп хабарлады қамшы тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Чикаго полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Эрик Картер сейсенбі күні кешке атыс болған жерлеу үйінің жанында өткен баспасөз мәслихатында толық апқаратты жариялады. Мәліметке сәйкес, қазірге дейін белгілі болған зардап шегушілердің бәрі ересектер

– Сейсенбі күні кешкі сағат 6:30 шамасында көшеде келе жатқан қара көліктің ішінен біреулер жерлеу рәсіміне қатысушыларға оқ жаудырған– деді Картер.

Оның айтуынша, жерлеу рәсіміне қатысқан әлдекімдер қайтарма оқ атқан. Қара көлік көп ұзамай тоқтаған, содан кейін көліктегі адамдар жан-жаққа қашып кеткен.

Бұл Чикагодағы болған соңғы зорлық-зомбылық оқиғасы. Дүйсенбіде 25 адам оққа ұшқан. Демалыс күндері 63 адамға оқ атылып, кем дегенде 12 адам қаза тапқан.

Ілмек сөздер: Чикаго атыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір