22 Шілде, 2020 Ақтөбе облысы

Əлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысы бақылауда

qamshy.kz

Ақтөбе облысы əкімінің орынбасары Р.Хамбаров облыс аумағында жүйке ауруымен ауыратын тұлғалар тəрбиеленіп жатырған əлеуметтік қызмет көрсету орталығын аралап, орталық тұрғындарымен кездесіп, жағдайларын тыңдап, карантиндік шектеулер уақытында жасалып жатырған шаралармен танысты. Орталық тұрғындарының денсаулығының ең негізгі мәселе екендігін атап өтті, індеттің алдын алу мақсатындағы жұмысты үйлестіру, қажетті жағдай жасау, дəрі дəрмекпен қамтамасыз ету үнемі жергілікті атқарушы органның бақылауында болатындығын жеткізді. Aktobe

Биыл орталықтың жылу жүйесін жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттардың жасалып жатырғандығын, əкімшілік ғимараты салу арқылы қосымша жатын орындарының ашылатындығын, материалдық техникалық базасының кезең кезеңмен жаңартылатындығын жеткізді. Aktobe
Облыс əкімінің орынбасары Руслан Хамбаров орталық тұрғындарына қолайлы жағдайын туғызу əлеуметтік қорғаудың маңызды тетігі болуы керек деді. Aktobe
Сонымен қатар орталық жанынан құрылған қоғамдық кеңес мүшесі , өңірге танымал тұлға М.Қойлыбаев қоғам тарапынан орталық қызметінің бақылауда болатындығын, ортақ мәселелердің бірігіп шешу қажеттігіне назар аударды.
Əлеуметтік қызмет көрсету орталығы тұрғындарының денсаулықтары қалыпты деңгейде, тұрғындар мен қызмет көрсетушілер арнайы тексерістен өткізілді, жағдай тұрақты. AktobeAktobe

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір