• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 20:43:26
Алматы
+35°

Қазақстан бас редакторлар клубы бұқаралық ақпарат құралдарына: телеарналар мен интернет басылымдарға, әлеуметтік желідегі жекеменшік сайт иелері мен блогерлерге үндеу жариялады. Бұл туралы бас редакторлар клубының жетекшісі Бибігүл Жексенбай желідегі парақшасында жазды.

"Бүгінгі таңда бүкіл әлем емі табылмай отырған қауіпті індеттің таралуынан шеті мен шегі көрінбейтін, таудай толқындары долдана тулаған теңізде төрт құбыласынан тыныштық таппай теңселген кемедей күрделі кезеңді бастан кешіп отыр. Қара түнек қыспақтан құтылудың жалғыз жолы – сөнбеген үміттей болып алыстан жылтырап, басты бағытқа жол сілтейтін шамшырақтың жанып-өшкен әлсіз жарығы. Біздің қоғам да кеме секілді. Ал енді қоғамды қиындықтан алып шығар шамшырақ – ол ақпарат құралдары. ХХ ғасырдың басындағы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деуі де тегін емес еді. Дәл осы аксиоманың бүгінгі ақпарат дәуірінде құны артпаса, кемімесі анық. Өйткені, қиындыққа тап болған қоғамның дертінен арылып, денесін тіктеп, бағдарын айқындау үшін шынайы ақпараттың ауадай қажет екенін тарлан тарих талай дәлелдеген. Ал жалған ақпараттың қатері індеттен жаман екені де шындық. Сондықтан да күн сайын қаншама отбасы қимасынан айырылып, қара жамылып отырғанда біздің эфирлерден той тойлағандай тайраңдаған, би билегендей секеңдеген ток-шоуларды көрсетуіміз басқасын былай қойғанда, адамгершілік қағидаларымен қаншалықты қабыспақ? Оның орнына тақырыптық, танымдық дүниелерді халыққа ұсынсақ дұрыс болар еді деп ойлаймыз.

Қай заманда болсын ақпарат құралдары мемлекеттік идеологияның басты саласы болып саналады. Сондықтан бүкіл ел көз тігіп отырған эфирімізден халықтың көңіліндегіні дөп басатын, елдің жоғын жоқтайтын, ұлттық дәстүрлеріміз бен бүкіл адамзаттық құндылықтарды насихаттайтын хабарлар мен дүниелер көрсетілсе деген тілегіміз бар" делінген жазбада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір