21 Шілде, 2020 NEWS

Төрегелді Шарманов: Жақындарымызды да, азаматтық қадір-қасиетімізді де сақтайық

kaznmu.kz

Біз қазақ басымыздан талай қиын-қыстау кезеңдерді, оқиғаларды өткіздік. Қазір жасы тоқсанға келіп отырған менің өзім ашаршылықтың, соғыстың куәгерімін.

Сол нәубеттер кезінде ет жа­қын­дарымыздан айырылдық. Тек Екінші дүниежүзілік соғыс­тың өзінде қаншама қазақ қы­надай қырылды. Бірақ біздің халық қандай ауыр кезең­дерде де адамгершілікті сақтай білгенін ұмытпауымыз керек. Өз басына күн туған кезеңдер­де де басқаларға қол ұшын со­зуды адамдық парыз деп есеп­теді. Қазақтың өзге ұлттарға пана болғанын айтпай-ақ, тек «Ле­нинградтық өренім» дейтін Жам­был атамыздың әйгілі жы­рын еске түсірсек те жеткі­лікті. Сол жырдың мыңдаған ле­нин­градтыққа күш бергені, жұбатқаны, бейбіт өмірге тал­пындырғаны күні кешегідей есімізде.

Отандастарымды, жалпы ба­уырларымды осы қа­уіп­ті әрі қатерлі індет кезін­де сабыр сақтауға шақы­ра­мын. Ең алдымен жасы үл­кен ата-әже­леріңді, ба­ла-шаға­ларың­ды қор­ғап, олардың өмір­іне қа­уіп төн­дірмеңдер дегім ке­леді. Каран­тин талаптарын орындап, тәртіпке бағынсақ, шы­дам­ды­лық танытсақ, біз күткен жақ­сы күн­дер ертерек туа­тыны анық. Иә, ол біздің са­бырымызға, төзім­імізге байланысты болып тұр. Басқа түскен қиындықты сабырмен ғана жеңе­міз. Бұл жағ­дай тек біздің емес, дүние­­жү­зі халықтарының басынан өтіп жатыр. Сол үшін бірін­ші кезекте азамат­тық қадір-қа­сиетімізге көлеңке түспесе екен. Отандастарыма да осыны тілей­­мін. Ет жақындарымызды да ба­рынша қор­ғайық, азамат­ты­ғымызды да жоғалт­пайық.

Мұндай қиын-қыстау шақ­та мемле­кетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төңі­регіне топтасып, тығы­рық­тан шығу жолдарын бірлесе іздеге­німіз жөн деп білемін.

Төрегелді ШАРМАНОВ,

Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик,

мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір