• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:40:39
Алматы
+35°

Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты. Негізгі мақсаты Ақтөбе халқын қол жетімді бағадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылатын пилоттық жобаға «Ақтөбе» ӘКК бастамалық етіп, облыс әкімдігі қолдау көрсетті.


Өңір басшысы «Мәскеу» ауданында жұмыс жасайтын бірінші сауда нүктесін қарап шықты.


Дүкен-қоймада өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдері нарық бағасынан төмен сатылатын болады.


«Бұл жоба халықтікі болу керек, басты мақсат – әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандырып төмендету. Осындай өзекті тапсырмаларды шешу үшін бір дүкен жеткіліксіз. Соған байланысты 1 қыркүйекке дейін тағы 20-сын ашуды тапсырамын. Сондай-ақ, HALYK SAUDA шағын көтерме орталықтарының желісін облыстың бүкіл жерінде дамыту жоспарда бар»,- деді Оңдасын Оразалин.


HALYK SAUDA пилоттық жобасына Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірге «СХФ Пригородное» ЖШС, «Бриг», SMART TRADE СҮ қатысып жатыр. Айта кетейік, «Ақтөбе» ӘКК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстарын тиімді жүргізуде.


Биыл тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін жергілікті бюджеттен 540 млн теңге бөлінген болатын. 2020-2021 жылдардың маусымаралық кезеңдеріне «СХФ Пригородный» ЖШС, «Еламан 2016» және «Болат ЛТД» ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен 146,9 млн. теңгеге 1 850 тонна картоп, 250 тонна сәбіз, 150 тонна қырыққабат пен 300 тонна пияз жеткізу фьючерлік келісімге қол қойылды.


Барлық өнім «Табыс» коммуналдық базары мен шағын базарларда сатылатын болады.


Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 61,7 тонна күріш, 66,1 тонна бидай ұны, 17,6 тонна бірінші сұрыпты макарон өнімдері, 54,4 тонна қарақұмық жармасы, 100 мың құтыдан астам күнбағыс майы, 124,9 тонна қант және тағы басқа азық-түлік қоры бар.


Сонымен қатар, облыс әкіміне біздің өңір үшін бірегей болып табылатын «МY DUKEN» онлайн сауда қосымшасы таныстырылды.


Жобаның артықшылығы - тауарға тапсырыс беріп, оны үйден шықпай-ақ, қолайлы түрде төлеуге болады. Бұл қазіргі індет жағдайына байланысты өте ыңғайлы. Алғашқы болып, Оңдасын Оразалин аз қамтылған отбасыға азық-түлік жеткізу үшін онлайн түрде тапсырыс берді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір