• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:11:09
Алматы
+35°

Алматы көшелерінде маска таққан автобус жолаушыларды тасымалдап жүр. Сурет әлеуметтік желіде жарияланды.

"Бұған көп қаражат кеткен жоқ. Идея күтпеген жерден туды. Біз фармацевтикалық компаниядан үлкен көлемдегі масканы көрдік. Олар өз мақсатына дайындаған. Компания өкілдеріне қолқа салып, масканы алдырып, автобусқа тақтық. Бұл көпшілікке маска тағуға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға үлгі болады. Әзірге басқа автобустарда маска бола ма, ол жағы белгісіз" делінген "Алматыэлектртранс" ЖШС баспасөз қызметі таратқан хабарлама.

Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын парктің баспасөз қызметі бұл бастамаға ешқандай қаржы жұмсалмағанын мәлімдеді.

"Таңнан бері 400-ден аса адам әлеуметтік желіге салып, бізді белгілеп жатыр. Тұрғындар да автобуспен фотоға түсуде. Барлығына ұнап жатыр, ал бастапқыда біз тек тұрғындарды карантин шараларын сақтауға шақырғымыз келді. Нәтижесі біздің ойлағанымызданда асып түсті" делінген хабарламада.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

В Алматы появился автобус в маске Носите маски, берегите себя и близких!

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір