• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:24:47
Алматы
+35°

COVID-19 ауруына қарсы «дәрі» ретінде Көбейтұз көлінің тұзының келісі әлеуметтік желіде 5 мың теңгеден сатылып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

"Көбейтұздың тұзын сатамын. Келісі – бес мың теңге. Көптеген ауруға ем. Коронавирус пен іш өту жағдайында көмектеседі. Тамақты шайып, асқа қосуға болады. Тұзды ваннаға да жақсы. Пікірге қалдырыңыз. Өзіміз сізге жазамыз. Он шелек қана қалды" делінген желідегі парақшалардың біріндегі хабарламада.

Бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Көбейтұздың ластанып, ол жақтан тұздың тиеліп әкетілуіне байланысты алаңдаушылық білдірген болатын.

– Жаңа ғана біз Көбейтұз көліне келдік. ҚР ЭГТРМ экология, геология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов бастаған министрліктің мамандарынан құралған топ қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Тиісті шаралар қабылданып жатыр. Сонымен бірге, экологтар судың сапасы тексеру үшін сынамасын алды,– деп жазды әлеуметтік желіде министрліктің баспасөз хатшысы.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір