• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:10:00
Алматы
+35°

Еліміздің құтқарушылары суға шомылу маусымы басталғалы бері 51 адамды, оның ішінде 11 баланы құтқарды. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Комитеттің хабарлауынша, суға шомылу маусымы басталғалы бері еліміздің су айдындарында түрлі төтенше оқиғалар орын алып жатыр. Өткен демалыс күндері 15 адам суға батып көз жұмған. Олардың 5-еуі – балалар.

19 шілде күні құтқарушылар Ақмола облысының Жалтыркөл ауылынан 5 шақырым жерде  Есіл өзенінен 2005 және 2008 жылы туған балалардың мәйітін судан алып шыққан. Олар тыйым салынған жерде суға шомылып жүргенде батып кеткен.

Елімізде суға шомылу маусымы басталғаннан бері 144 адам, оның ішінде 43 бала суға батып көз жұмған. Адамдар өз күшін білмегенінен, мас күйінде суға шомылғаннан, ересек адамдар балаларын қараусыз қалдырғанынан және суға батып бара жатқан адамды құтқарамын деп суға батып қаза болған.

Құтқарушылар 1 маусымнан бастап 51 адамды, оның ішінде 11 баланы ажалдан аман алып қалған.

"ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

- балалар тек ересек адамдардың қарауымен суға шомылуы тиіс;

- тек суға шомылу үшін жабдықталған орындарда суға шомылуға болады, онда құтқарушылар кезекшілік етеді;

- бейтаныс орындарда сүңгуге болмайды;

- осы мақсаттарға бейімделмеген биіктіктерден секіруге болмайды;

- суға шомылған кезде өз күштеріңізді дұрыс бағалаңыздар;

- спирттік ішімдіктер ішуге және мас күйінде суға шомылуға қатаң тыйым салынады" делінген төтенше жағдайлар комитетінің хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір