• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:20:48
Алматы
+35°

Алматыда "белгісіз" пневмония мен коронавирус індетінен көз жұмғандарды арнайы ереже бойынша жерлейтін болды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қол қойған қаулыда жазылды.

"Ошақтан коронавирустық инфекцияға күдікті және коронавирус инфекциясы табылған адамдарды жерлеу алгоритмі коронавирус инфекциясынан қайтыс болған, коронавирус инфекциясына және этиологиясы анықталмаған пневмонияға күдікті адамдарды үйде немесе медициналық ұйымдарда жерлеу алгоритміне ауыстыру" делінген қаулыда.

Белгіленген әрекеттер алгоритміне сәйкес егер өлім COVID-19 нәтижесінде болса, коронавирус немесе пневмониядан қайтыс болды деген күдік болса мәйіттің денесі қажетті процедуралар үшін Денсаулық сақтау басқармасының патологиялық бюросына жеткізілуі керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір