• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:46:21
Алматы
+35°

NASA "ықтимал қауіпі бар" делінген астероид келесі аптада жерге жақындай түсетінін мәлімдеді.

"Астероид 2020ND" деп аталған аспан денесі шамамен Бәйтерек монументінен екі есеге жуық үлкен. 24 шілдеде жер ғаламшарына жақындайды делінген астероидтың ұзындығы – 170 метр.

NASA ғалымдары астероидтың жер орбитасына қарай ұшып келе жатқанын және планетамыздың бар болғаны 0,034 астрономиялық бірлігінің (АБ) ішінде болатынын ескертеді.

– "Ықтимал қауіпті астероидтар" қазіргі уақытта астероидтың жерге қауіп төндіретін жақындық жасау мүмкіндігін өлшейтін параметрлер негізінде анықталған, – деп жариялаған ғарыш агенттігі.

NASA-ның ақпаратынша, орбиталық қашықтық 0,05 астрономиялық бірліктен аз барлық астероидтар "ықтимал қауіпті астероидтар" болып саналады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: NASA астероид

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір