19 Шілде, 2020 NEWS

Коронавирус кезінде қандай жаттығулар денсаулыққа пайдалы?

Пандемия кезінде ДДСҰ ресми сайтында жарияланған пайдалы физикалық жаттығулар туралы ақпараттарды Қамшы тілшісі қазақ тіліне аударып ұсынды.

Көрнекі сурет

Пандемия кезінде көбіміз үйде отыруға мәжбүрміз. Сол үшін әдеттегідей жаттығу жасаудың өзі көп адамға қиынға соғады. Ал көп жаттығу жасамайтын адамдар үшін бұл тіпті қиынырақ.

Бірақ мұндай уақытта барлық жастағы адамдар үшін мүмкіндігінше белсенді болу өте маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) белсенді болу компаниясы сізге дұрыс жаттығу жасауға және көңіл-күйіңізді көтеруге көмектеседі. Қамшы тілшісі ДДСҰ ресми сайтындағы пайдалы жаттығулар туралы апқараттарды қазақ тіліне аударып ұсынады.

Есте сақтаңыз: 3-4 минуттық жеңіл физикалық қозғалыс жаттығуларын жасау, мысалы, жүру немесе созылу сияқты жаттығулар бұлшық еттеріңізді босатып, қан айналымын және бұлшықет белсенділігін жақсартады.

Тұрақты физикалық белсенділік денеге де, миға да пайдалы. Ол жоғары қан қысымын төмендетеді, салмақты бақылауға көмектеседі және COVID-19 сезімталдығын арттыратын барлық жағдайлар, жүрек ауруы, инсульт, 2 типті қант диабеті және түрлі ісік ауруларын азайтады.

Сондай-ақ сүйек пен бұлшықет күшін жақсартады, оған қоса тепе-теңдікті, икемділікті және фитнесті арттырады. Қарт адамдар үшін баланысты сақтау жаттығулары құлау мен жарақаттанудың алдын алуға көмектеседі.

Үнемі дене шынықтырумен айналысу күндерімізді ритммен өткізуге, оның үстіне отбасымен және достармен байланыста болуға көмектеседі. Бұл біздің психикалық денсаулығымызға пайдалы. Депрессияның, танымдық құлдыраудың және деменцияның басталу уақытын азайтуға көмектеседі. Нәтижесінде жалпы сезімді жақсартады. 

Сіздің жас мөлшеріңізге қандай жаттығулар ұсынылады?

ДДСҰ барлық жастағы адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін не істеу керектігі туралы ұсынымдарын жеткізеді. Ақпаратты сілтеме арқылы көре аласыз.

Ал COVID-19 туралы "көп су ішу коронавирусты емдеуге көмктесе ме?", алкоголь COVID-19-ды емдей ме?" деген сияқты сауалдар үшін "коронавирус сұрақ-жауаптарын" оқуға кеңес береміз.

Пандемия уағында дұрыс тамақтану да өте маңызды. Коронавирус кезінде қандай тамақтар пайдалы екенін білгіңіз келсе, ДДСҰ-ның дұрыс тамақтану туралы нұсқауын оқыңыз.

Ілмек сөздер: Коронавирус жаттығу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір