• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:49:46
Алматы
+35°

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Татарстан Республикасынан келген дәрігерлермен кездесті.

Аталмыш дәрігерлер тобы Өскеменге тәжірибе алмасып, коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуде көмектесуге келген. 

12 адамнан тұратын топтың ішіне пульмонолог, анестезиолог-реаниматолог, рентгенолог сынды мамандар және инфекциялық аурухана дәрігерлері мен қызметкерлері кірген.

а

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін облыс әкімі Даниал Ахметов Татарстан Республикасының Президенті Рустамом Миннихановпен аталмыш мәселе бойынша келіссөз жүргізген. 

– Шығыс Қазақстанда медицинаның дамуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Сатып алынған заманауи техникалар іске қосылып, тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі індеттің алдын алу мақсатында сіздермен тәжірибе алмасып, жақсы көрсеткішке қол жеткіземіз деген сенімдемін, – деді Даниал Ахметов. 

Келген мамандар 2 күн аралығында аудан және қала ауруханаларының дәрігерлерімен онлайн байланысқа шығып, кеңес беріп, жағдаймен танысады. Кейіннен осы ай соңына дейін әр ауданға бөлініп, дәрігерлерге көмектесетін болады. 

– Аймақтарыңызда коронавируспен күресу үшін ӨЖЖ, оттегі концентраторлары сынды жабдықтар көптеп сатып алыныпты. Бұл дұрыс шешім. Жалпы екі елдің қолданып отырған әдіс-тәсілдері ұқсас. Алайда соның өзінде бірлесіп жаңа тәжірибе жинақтаймыз деп ойлаймын, – деді келген топтың жетекшісі, Татарстан Республикасы орталық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің бірінші орынбасары Марсель Миннулин.

ШҚО ақпарат орталығы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО Даниал Ахметов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір