• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:03:25
Алматы
+35°

Жерсеріктен түсірілген суреттерде Бейжіңнің Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аралдарға төрт жойғыш ұшағын жібергені көрінген. Бұл әскери операция Вашингтон пен Бейжіңнің аймақтағы қайшылығы күшейе түскен кезде болып отыр, деп хабарлайды Қамшы тілшісі France24News басылымына сілтеме жасап.

Жерсеріктік суреттерде Қытайдың даулы Вуди аралында әскери-теңіз флотын құрғаны көрінген. Бұл арал Вьетнам, Қытай және Тайвань арасында,ы даулы аймақ. Ал аралдағы әскери базаға Қытайдың төрт жойғыш ұшағының жіберілгені байқалған. "Ондағы әкери ұшақтар әйгілі "Flanker" ұшақтарының қытайлық нұсқасы" дейді France24news.

Жерсеріктік компания суреттерді 15 шілдеде жариялаған. 

Бұған дейін Оңтүстік Қытай теңізінде АҚШ пен Қытай әскери күштері бір уақытта жаттығу өткізіп жатқаны хабарланған. Қытай шілденің басында Паракель аралдары маңына соғыс кемелерін жіберген. Кейінірек, Вашингтон да Паракель аралдары маңына әскери ұшақтар тасымалдаушыларын жіберді. АҚШ оған қоса, ядролық бомлалаушысын да жөнелткен. Аймақта АҚШ және жапон кемелері бірге әрекет етуде.

Ал қытайлық Глобал Таймс басылымы Бейжіңнің "киллер зымырандары" АҚШ соғыс ұшақтарын тасымалдаушыларға соққы беретінін ескерткен

Кейінірек, Оңтүстік Қытай теңізіндегі АҚШ-Жапония біріккен әскери күштеріне қолдау көрсету үшін Ұлыбританияның соғыс ұшақтарын тасмалдаушы кемелері мен жойғыштарының жіберілетіні хабарланған.

Әскери сарапшылар екі елдің көптеген жойғыштары мен кемелерінің өте жақын қашықтықта жаттығу өткізуі әскери қақтығыс қаупін күшейтетінін мәлімдеген

АҚШ Әскери-теңіз күштері "USS Nimitz" және "USS Ronald Reygan" соғыс ұшақтарын тасымалдаушы кемелері 4 және 6 шілде аралығында даулы су жолында операциялар жасап және әскери жаттығулар өткізіп, 17 шілде аймаққа оралғанын хабарлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір