• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Мамыр, 09:04:55
Алматы
+35°
 
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстық мәслихат сессиясына қатысты. Маңызды мәселелерді талқылаған соң әкім өз Facebook парақшасында қыркүйек-қазан айларында келетін коронавирустың  екінші толқынына толық дайын екенін жазды. 
 
"Облыстық мәслихат сессиясы барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Бірінші кезекте, коронавирус инфекциясын таратпау бойынша сұрақтар қаралды. Бүгінгі таңда облыстың кейбір аудандарында эпидемиологиялық жағдай күрделі болып отыр, алайда біз инфекциялық төсек орын санын 1886-ге дейін, провизорлық төсек орын санын 2423-ге дейін арттыру бойынша барлық шараларды қабылдадық. Барлық медициналық мекемелерде реанимациялық төсектер ашылған, тамыз айына қарай біз жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге оттегі концентраторлары, мониторлар, пульсоксиметрлер, ӨЖЖ және рентген аппараттары түріндегі қосымша жабдық аламыз. Біз барлық дәрігерлерімізді жұмысқа тарттық, күнделікті дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектердің болуына мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі күні біздің барлық медицина қызметкерлері арнайы киіммен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Біз қыркүйек-қазан айларында келетін екінші толқынға толық дайынбыз" делінген әкім жазбасында.
 
 
Ресми дерекке сай, елде 68 703 адам коронавирус індетін жұқтырған. Олардың ішінде 42 388 адам ауруынан айықты. Ал қайтыс болғандар саны 375 адамға жетті.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір