• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:06:11
Алматы
+35°

42500 теңгені өткен жолы алған азаматтар қайта өтініш бермейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн брифингте хабарлады.

42500 теңгені өткен жолы алған азаматтарға sms-хабарлама жіберіледі. Олар қайтадан өтініш бермей-ақ, enbek.kz және E-gov порталынан өтінім мәртебесін бақылап отыруы керек.

– Бірден бірнеше электрондық платформаларда өтінім бермеген жөн. Бұл порталдың жұмысын қиындатады. Өткен жолы өтініш 18 млн рет берілгендіктен, екінші рет өтініш жүргізілмейді. ЖСН бойынша бір рет арыз беріңіз. Бірақ бәрін мұқият тексеріңіз. 12 сандық картаның нөмірін емес, 16 сандық шоттың дұрыс мәліметтерін көрсету керек. Өтініміңіздің қабылданғанын күтіңіз. Содан соң порталдағы мәртебеңізді бақылай аласыз, – деді ол. 

Сондай-ақ министр 42500 теңге жәрдемақыны алуға өтініштер 1 қыркүйекке дейін қабылданатынын жеткізді.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір