15 Шілде, 2020 NEWS

"Этникалық қазақтар да 42 500 теңге әлеуметтік көмек алады"

Ашық дереккөз

Қазақстан азаматтығын алмаған, алайда оралман мәртебесі бар қандастарға 42 500 теңге беріледі. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы Facebook парақшасында жазды.

– Тұрақты тіркеуде тұрған "Оралман" мәртебесі барлар құқықтары жағынан тұрғылықты азаматтармен тең. Ешқандай кедергі жоқ. Оларға Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей көмек көрсетіледі. Егер жұмыс істеп жүріп, табысынан шектеулер салдарынан айырылған болса, алады, – деді Сырымбек Төлеуұлы.

Премьер-министр Асқар Мамин шілде айына әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін мәлімдеген болатын.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге әлеуметтік төлемге 17 шілдеден бастап өтінім беруге болатынын хабарлады.

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір