• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:45:46
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкентте коронавирус құрбандарын еске алу акциясына қатысқан дәрігерлер жазаланбайтынын айтты.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі індет құрбандарын еске алуға арналған флешмобқа бастамашы болмаған. 

– Пандемиядан көз жұмғандарды еске алу әрбір азаматтың парызы деп санаймын. Ал дәрігерлердің акцияға қатысуы – Медицина қызметкерлері қауымдастығының бастамасы. Денсаулық сақтау министрлігі ретінде біз тек санитарлық нормалардың сақталуын ескерттік. Арақашықтықты сақтап, маска киюін қадағаладық. Меніңше, бұл жерде жаза тағайындау туралы мәселе болмауы керек, – деді Бюрабекова.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АКЦИЯ ДӘРІГЕРЛЕР

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір