15 Шілде, 2020 NEWS

Түркістан облысы паркіндегі жер арабтарға берілгені рас па? (видео)

"Таудың ең керемет жері Қасқасуда 70 га жерді берген"

Qamshy.kz

Желіде Түркістан облысында орналасқан Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің  70 гектар жерін арабтар жалға алғаны туралы видео пайда болды. Видеоны Ерлан Файзуллаев  және Жанмұрат Ашатев есімді Facebook желісінің белсенді қолданушылары түсірген.

Айтуларынша, тау ішінен соғылған ғимараттар сөздеріне дәлел бола алады.

"Бұл мен неше күннен бергі арабтарға не мақсатпен жер берілгенін талап етіп жүрген Түркістан облысындағы 4 ауданның бірі – Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркіндегі жалға арабтарға берілген жер. Таудың ең керемет жері Қасқасуда 70 га жерді берген. Онда кішігірім қалашық" деп жазды белсенді Файзуллаев.

Қамшы тілшісі мәселенің мән-жайын білу үшін Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әкімшілігіне қоңырау шалды.

– Жерді арабтар емес, Қазақстан азаматы Бакиев Вячеслав 2009 жылы 49 жылға жалға алған. Арабтардың қаржыландыруымен құрылыс жүріп жатыр. Жол салды, сол жердегі ғимараттар да сол қаражатқа салынды. Олар (желідегі азаматтар – ред.) 70 гектар дейді, бірінші қанша гектар екенін сұрап, біліп алсын. Болмаса сол жерді келіп өлшесін. Жалға берілген жер көлемі – 13,2 гектар. Бұл парк жекеменшікке берілмейді. Бұл – мемлекеттік жер. Біз жерді тек 49 жылға немесе 5 жылға келісімшарт арқылы жалға бере аламыз, – дейді Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туризм жөніндегі инжинері Шынәлі Оспанов.

Ілмек сөздер: сайрам өгем араб жер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір