• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:55:40
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтанда карантинге қарамастан ойын-сауық кешін өткізген қала тұрғындары ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Департамент таратқан хабарламаға қарағанда, түннің бір уақытында шамамен 50 адам Сарайшық көшесі бойында сауық кешін өткізген.

"Істің мән-жайын анықтау үшін барлық қонақтар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тексеру нәтижесінде 42 адам Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 441-бабы (Жекелеген қоғамдық орындарында темекі өнімдерін және электрондық сигареттерді тұтынуға тыйым салуды бұзу), 437-бабы (Тыныштықты бұзу), 440-бабы бойынша (Алкологольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу), ал 1 адам жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Кештің ұйымдастырушысы бұрын елордадағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген. Жұмыс орны санитарлық-эпидемиологиялық нормалар талаптарына сай келмегендіктен жабылған. Ол осы кешті ұйымдастыру үшін коттеджді жалға алып, әлеуметтік желі арқылы кештің өтілетінін хабарлаған. Коттеджді жалға алушыға қатысты материал процессуалды шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды" делінген департамент таратқан хабарламада.

Қазақстанда наурыздан бері той-жиынға, ойын-сауық кештеріне тыйым салынған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір