• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:02:31
Алматы
+35°

Tesla компаниясының атқарушы директоры Илон Маск өзінің әлемдегі 7-ші бай болуына Қытайдың қалай көмектескені жайында айтты. 


Дүйсенбіде Tesla акциялары 255 321 миллиард долларға жетіп, Илон Масктың банктік шоты үлкен өсімге ие болды. Оның байлығы инвестор және "Berkshire Hathaway" компаниясының бас директоры Уоррен Баффеттен басып озды.

Bloomberg Billionaires индексіне сәйкес, SpaceX және PayPal компанияларының негізін қалаушы Илон Маск өткен жұма күні әлемдегі жетінші бай адам болды. Bloomberg News ақпаратынша, Tesla акциясының 10,8% өсуіне байланысты оның байлығы 6,07 млрд. долларға өскен. 

Өткен аптада Маск компания толықтай автономды көліктерді жасап шығуа "өте жақын" деп мәлімдеді. "5-інші деңгей" деп аталатын көліктер жүргізушісіз жүре алады.

Бейсенбі күні "Шанхай дүниежүзілік жасанды интеллект конференцияның" ашылуында сөйлеген сөзінде Маск компанияның болашағы туралы оптимисті көзқарасын жеткізді.

– Мен 5-інші деңгейдің немесе толықтай өздігінен жүретін (көліктер) болатынына өте сенімдімін және менің ойымша, бұл өте тез жүзеге асырылады,– деді ол. 

Маск сонымен қатар қытайлық тұтынушылар үшін "Model 3 седандарын" шығаратын Tesla-ның Shanhai Gigafactory-ының күш-жігерін жоғары бағалады. 

– Мен Қытайда ақылды және еңбекқор адамдардың қаншама көптігіне және олардың позитивті қуатқа ие екеніне таң қаламын...Адамдар болашаққа шын жүректен құштар,–деді миллиардер.

Bloomberg ақпаратының жазуынша, Tesla компаниясы электромобильдер әлемінде үстемдік еткісі келсе, Қытайда табысқа жетуі керек.

– Tesla автокөлік шығаратын өндірістік қондырғыға Қытайда бірінші болып ие болды. Бұл өте керемет. Біз бұған мүмкіндік берген Қытай үкіметіне өте ризамыз. Бұл өте маңызды нәрсе,– дейді Илон Маск.

Қытай билігі оның компаниясына қолдау жасап,  көптеген субсидиялар және жеңілдікпен несиелер беріп отырған. Мысалы, зауыттың салынатын орны үшін Tesla Шанхайдағы 86 гектар жердің 50 жылдық жалдау жеңілдігін жеңіп алған. Оған қоса 973 миллион қытай юандық капитал жергілікті банктерден келетін болған. 2019 жылы Tesla-ның Шанхайдағы  фабрикасы үшін Қытай банктері тағы 1,4 млрд. доллар несие берген. 2020 жылы да компанияның қытайлық субсидияны көздеп отырғаны хабарланды. 

Tesla акциялары өткен жылы 500 пайызға артқан, себебі компанияның "Model 3" седанының сатылымы ұлғайған. Ал, бұл модельдің сатылымы Қытайда да ай сайын еселеп артқан. Осыған байланысты Илон Маск Қытайда зауыт ашылғаннан кейін, көліктің өзіндік құны арзандаумен қоса, қытайлық тұтынушыларға қолжетімді болып, компанияның өндірісі еселеп артатынын мәлімдеді.

Илон Маск ҚХР үкіметінің ғана емес, Қытай халқының да қолдауына ие болып, оның миллиондаған қытайлық фанаттары қалыптасқан. Маск Tesla көрмесінде олар үшін сахнада билеп те берген

Компания нарықтық капитализациясы бойынша алдыңғы қатарлы Toyota Motors автомобильдерін басып озып, қазір ең жоғары бағаланған автокөлік өндірушісі болып саналады.

Илон Масктың келісім-шарттарында оның компаниядан жалақы алмайтыны көрсетілген.

Алайда, компания бірқатар мақсаттарға қол жеткізсе, ол акциялардың артық төлемдерін алады.

Ол сонымен бірге өзінің SpaceX аэроғарыштық компаниясын дамытумен айналысады. Бәсекелесі Джефф Безос сияқты ғарышты бағындыруды мақсат еткен. Бірақ, Илон Маск әлемнің бірінші байы болған Джефф Безосты "монополиист" деп атап, оның компаниясын бөлшектеу керектігін мәлімдеген.

Маск ғарыш компаниясына өз байлығынан 37 миллиард доллар инвестиция салып, 30 мамырда SpaceX компаниясы екі ғарышкерді Халықаралық ғарыш станциясына жіберген. Ол күн "Америкалық ғарыштық бағдарламаның жаңа дәуірі басталған күн" деп сипатталған себебі, NASA ғарышкерлері АҚШ топырағында 2011 жылдан бері ғарышқа ұшпаған. 2011 жылдан бастап олар ғарышқа Байқоңырдан ұшып келген. Ұшырылым сәтті болғаннан кейін, ғарыш кемесінің Қазақстаннан өткен сәтінің видеосын жариялаған болатынбыз.

 

Qamshy.kz

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск ғарыш бай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір