• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:50:23
Алматы
+35°

Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті дәрілік препараттар қымбат бағада сатылғанын анықтады. Бұл туралы комитет сайты хабарлады.

Жедел іздестіру шаралары барысында 150 000 теңгеге "Ингавирин" дәрісінің 10 қаптамасын сату фактісі анықталған. Дәрінің 1 қаптамасы 15 000 теңгеге сатылған.

Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі бұйрығымен бекітілген бұл препараттың 1 қаптамасының бағасы – 5640 теңге.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір