14 Шілде, 2020 NEWS

Қазақстанда балабақшалар қай кезден бастап жұмыс істейді?

Көрнекі сурет

Қазақстанда балабақшалар әлі ашылмайды. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде елдің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. 

Министрдің сөзінше, балабақшаларды ашу мәселесі елде карантин мерзімі аяқталған соң қарастырылады. 

– Қазір карантинді ұзарту туралы шешім қабылданды. Соған орай, мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді. Осы уақыт өткеннен кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезекші топтың жұмысы бойынша шешім қабылданатын болады. Біз бұл процеске белсенді қатысамыз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды,– деді Аймағамбетов.

Бұған дейін мектеп оқушылары мен студенттердің 1 қыркүйектен бастап сабақты онлайн оқитыны хабарланған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір