• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:22:00
+35°

Қыркүйек айында университеттер пен колледж студенттері қашықтан оқитын болады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифинг барысында мәлімдеді.

– Студенттер қашықтан оқыту форматына көшетін болады. "Лабаротиялық жұмыс жүргізетін  кейбір мамандықтар дәстүрлі режимде оқытылса" деген ұсыныс айтылып жатыр. Біз мұндай мүмкіндікті беруге әзірміз. Бірақ ЖОО-лар мен колледждер қашықтан оқыту форматында оқуды жалғастырады, – деді Аймағамбетов.

Сонымен қатар министр бірінші қыркүйектен бастап елдегі барлық мектептер қашықтан оқуға көшетінін атап өтті.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қыркүйектен бастап барлық мектептерде оқушыларды қашықтан оқытуды ұсынған.

Кейіннен үкімет басшысы Асқар Мамин денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысын қолдап, оқушылар бірінші тоқсанды қашықтан оқитынын мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір